Елдос Сметов - Қызық Times | Оңай жолмен ештеңе келмейді

  Рет қаралды 600,896

Marat Oralgazin

Marat Oralgazin

Күн бұрын

Елдос Сметов - Қызық Times | Қызық Live
Каналға жазыл / Подпишись на канал
/ @maratoralgazin
Рухты көтерер әсем әуенмен сахна төріне Париж Олимпиадасының чемпионы, қазақтың қас батыры Елдос Сметов шықты!
Елдос өзінің чемпион екенін сырт елде жүргенде сезілмейтінін, тек Қазақстан елінде өзінің жанкүйерлерінің қолдауы арқылы сезгенін айта кетті.
“Олимпиада барысы түс секілді болды, өз-өзіме сене алмадым” дейді. Осы жаздың ең ұмытылмас эмоцияны сыйлағаны үшін мың алғыс!
Қазақстаннан олимпиада қатысу үшін үлкен бәсекелес болғанын да айта кетті. Өзара жарыс болып, жеңіп, тек солай ғана тап болғанын бөлісті.
Олимпиада ойындарына 3 ай қалғанда қатыспаймын деген ой болғанын, тек ғана ол емес, толығымен карьераны тоқтату ойда болғанын айта кетті 😳
“Әкем және анам үлкен қолдау көрсетті”
Оңай жолмен ештеңе келмейтінін және қайта таңдау берілсе, қайта дзюноны таңдайтыменде бөлісті.
Бағдарлама авторлары дайындаған музыкалды әуенде ойнап, толығымен барлық әуенді тауып берді Елдос Сметов.
Одан бөлек бағдарлама барысында Елдос Сметовтың көршілері әзілді ән орындап берді 😅
Әдеттігідей, Елдос Сметов және бағдарлама жүргізушілері Еркебұлан Мырзабекпен Марат Оралғазин халықпен “чатрулетка” арқылы сұхбаттасты.
Жүргізушілер:
Марат Оралгазин - / oralgazin
Еркебулан Мырзабек - / rollanuly
Қонақта: Елдос Сметов
www.instagram....
Бағдарлама авторлары, сценаристері : Қамбаров Абзал, Мерген Қанабек, Аслан Қанабек, Бексұлтан Піләл
Бас Продюсер: Ақылбек Досжанов
Режиссер: Анара
Қызықтың барлығын бағдарлама барысында тамашалай аласыз 🔥
Бағдарлама ұнаса лайк басып, комментарий қалдырып, достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар ‼️
#қызықtimes #ЕлдосСметов

Пікірлер
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 10 ай бұрын
Көптен сағынған шығарсыздар?! Комментарийдан жаудырайық! Ұнаған сәтті минутымен жазып жібер! Лайк коммент жазып барлық ватсаптағы достарыңа жібер! Соңына дейін көр
@baha_kz1
@baha_kz1 10 ай бұрын
Әрине
@АйсулуКалдыбаева-е4п
@АйсулуКалдыбаева-е4п 10 ай бұрын
Әрине сағындық
@nukanaibazhiev5778
@nukanaibazhiev5778 10 ай бұрын
каспи голд ном жазшы😂
@АлмасБердыхан-м9л
@АлмасБердыхан-м9л 10 ай бұрын
Маке Ереке Ассалаумагалейкум, Азарник Нурик ты шакырасыздарма, Ол киси тоже бетке тутар мыкты киси
@sayatalhanov6736
@sayatalhanov6736 10 ай бұрын
56:08,Раймнын брәтшкасы😂😂😂😂😂
@AidanaKoroleva
@AidanaKoroleva 10 ай бұрын
Анасын жанында жарқыратып жүретіндейі бар екен ғой. Ананың қолдауы, дұғасы, батасы, разылығы жеткізген ғой жеңіске❤
@ВенераНысамбаева
@ВенераНысамбаева 10 ай бұрын
Көзі ашық, көкірегі ояу, санасы ашылған қазақтын батыры. Сөзіде, әзіліде орнықты азамат екен
@Ydyrysovaainur
@Ydyrysovaainur 10 ай бұрын
Елдос Сметовтың сөз саптауы ,өз ойын еркін ,ашық жеткізеді екен .Ой өрісі өте жоғары екен ,Осындай жігіттер көп болсын
@iseri-sugir
@iseri-sugir 10 ай бұрын
Ой - өрісінің қай жері жоғары ?
@nurikkambarov5997
@nurikkambarov5997 10 ай бұрын
@@iseri-sugirсіздіңкінен жоғары бастысы
@damu0000
@damu0000 10 ай бұрын
@@iseri-sugirсені сігема
@Garifollauly_N
@Garifollauly_N 10 ай бұрын
Ия сөйлеу мәнері өте керемет👍👍
@adilbekio2574
@adilbekio2574 10 ай бұрын
Ия, әдетте спортшылар камера алдында, халық алдында сөйлеу былай тұрсын, сұхбат беріп өз ойын ашық еркін айта алмайды.. Мысалы біздің футболшыларымыз... Елдос Спортшы болсада журналисттер секілді сөйлейді.
@ТалгатЕстаев-ь3э
@ТалгатЕстаев-ь3э 10 ай бұрын
Тек дене күші емес, ой өрісі де жоғары екен! Керемет, мақтан тұтамыз
@AsqarBaybulov
@AsqarBaybulov 10 ай бұрын
Менде соны жазам деп отқам
@yernurmaratovich4081
@yernurmaratovich4081 10 ай бұрын
Елдос Сметов ағамыздың қазақша сөз саптауы қандай керемет! Бізде ғана емес, жалпы әлемде стереотип қалыптасқан ғой, спортшылар аса қатты білімді емес деген. Міне, ол жәй ғана стереотип екеніне дәлел! Жарайсыз! Алтын медаліңіз, жақсылықтың бір мықты фундаменті болсын!
@Amir-rock
@Amir-rock 10 ай бұрын
Я, Хабиб Нурмагомедовте оган далел
@ILESification
@ILESification 10 ай бұрын
Элита деңгейіндегіндегі спортшылар осындай болады ғой, талайды көрген жігіттер, таза еңбектің, дисциплинаның, мінездің нәтижесі ғой. Бұндай дәрежедегі спортшылар алдына қойған кез келген мақсатқа жетеді, ағылшын тілін семішкідей шағатын болады әлі. Ризамын, көп рақмет алтын үшін!
@BaurHan-po1dx
@BaurHan-po1dx 10 ай бұрын
Құрметті Елдос Сметов! Сіз - еліміздің мақтанышы, әлем аренасындағы дара тұлғасыз! Спорттағы жетістіктеріңіз, қажырлы еңбегіңіз бен қайсар рухыңызбен жастарға үлгі болып жүрсіз. Сіздің талантыңыз бен табандылығыңыз бізге шабыт береді. Алдағы жарыстарда сіздің жеңістеріңіз бұдан да көп болғай! Еліміздің туын жоғары көтеріп, әрдайым жеңістен жеңіске жете беріңіз! Сізге сәттілік, мықты денсаулық және зор жетістіктер тілейміз!
@dustUN-1
@dustUN-1 10 ай бұрын
👍👍🎉
@brawlstark329
@brawlstark329 10 ай бұрын
😇😇😇
@zhuldyzbaigaliyeva5391
@zhuldyzbaigaliyeva5391 10 ай бұрын
"Балаң жақсы болса жердің үсті жақсы, балаң жаман болса жердің асты жақсы". Керемет сұхбат болды. Сөз саптауы, ойын жеткізе алуы күшті! Жастарға мотивация мен ақылға толы шығарылым үшін рақмет!
@МеруертЕскараева-ж5з
@МеруертЕскараева-ж5з 10 ай бұрын
Балаң жаман болса, жердың астыда жаман болар😢
@АйгульКараева-о1ь
@АйгульКараева-о1ь 10 ай бұрын
Мәке шығарылым керемет👍🏻осындай шығарылымдар көп болсын. Елдос жарайсың!👍🏻
@ЛяззатНугуманова
@ЛяззатНугуманова 9 ай бұрын
Чемпионмын деп жұлдыз болмай қандай әдемі айтып жатыр! Керемет тәрбиелі бала екен, түсінетін адамға Қазақстанның спортының дамуына үлес қосатындай жақсы әңгіме айтылды. Елдосқа сәттілік тілеймін, қазақша өте керемет сөйледі! Адамға қарапайымдылық қалай жарасады. Елдос осы қалпыңды жоғалтпа!
@АйнурЕсенова-ч3е
@АйнурЕсенова-ч3е 10 ай бұрын
Мәдениеті,тәрбиесі,сөз саптауы,қарапайымдылығы өте керемет.
@zhannaaitzhanova3459
@zhannaaitzhanova3459 6 ай бұрын
Түр десең түрі бар,ой десең ойы бар,күш десең күші бар,менің ұлымда Елдос сияқты ел мақтанышы болса екен деп тілеймін👍👏👏❤️💐🙏🏻🤲🏻
@АдлетАбылай
@АдлетАбылай 10 ай бұрын
Еркебұлан Марат өте керемет шығарылым, қазақ елі үшін терін төккен азаматтарды халыққа таныту керек. Елдос ағамыздың арқасында көк байрақ қазақтың туы париждің төрінде биіктен көрінді. Алға жігіттер✊
@ЖансаяЖакаева
@ЖансаяЖакаева 9 ай бұрын
Сөз саптауы өте жоғары екен,жарайсыз бірінші әке-анаңыздың батасы,екінші өзіңіздің әппақ ниетіңізге қарай Алла берді… сегіз қырлы,бір сырлы екен..дауысы неткен керемет…тіл көзден аман болыңыз… барша Қазаққа үлгісіз!!
@МаратБербешев
@МаратБербешев 10 ай бұрын
Осындай ұл тәрбиелеген ата анасына рахмет!
@НазымАдильбаева-с2я
@НазымАдильбаева-с2я Ай бұрын
Жарайсың керемет тамаша зор айттың..!!!...
@gauharkerimbekova4168
@gauharkerimbekova4168 10 ай бұрын
Өте мәдениетті сөйлейді
@niko9niko462
@niko9niko462 8 ай бұрын
Айналайын Елдос, сенің барыңа шүкір, еңсемізді көтеріп тастадың! Рақмет саған, анаңнан сені туған айналдым. 👍🇰🇿
@ГулшаратИнкашева
@ГулшаратИнкашева 6 ай бұрын
Айналайын Елдосжан саған Алла құзырынан тек жақсылығын нәсіп етсін балам ❤. Биіктерден көріне бер, мәртебең асқақтай берсін алтын балам 🤲🔥
@EldosHffh
@EldosHffh 10 ай бұрын
Өте ырзамын бауырыма, жәрәйсің. Ақ жол! Жәй ғана спорт шебері емес көз қарасы мықты екен. Қызық таймс бағдарламасына көп рақмет, осы жағын көрсете білгендеріңе!
@aidaturgyn
@aidaturgyn 10 ай бұрын
Елдос осы передачаны жақсы ашылды.Жүргізушілерге рахмет👍Жақсы сұқбат болды👍Жамбыл облысын,Қазақстанды әлемге танытып жүре беріңіз❤
@gulnazgayau
@gulnazgayau 9 ай бұрын
Елдостың спорттағы жетістіктері жайлы қана емес, қазақтың жігіті ретінде таныстырғандарыңызға көөп рахмет!!! Бірден - бір ер- азамат, қайсар мінезді, ұшқыр ойлы, мейірімді, бүкіл ел мақтанатындай екен. Сұхбат өте қызықты өтті !
@bayan-nur
@bayan-nur 10 ай бұрын
Не деген ой өрісі кең, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Өте керемет шығарылым болды! Еліміздің көк туын биікке көтерген С.Елдоска рахмет!
@ТолкынКасымова-г6й
@ТолкынКасымова-г6й 10 ай бұрын
Қадірлі Елдос Сметов! Парасат пайымы жоғары, ойлау қабілеті терең, алған тәрбиесі мықты, рухы биік, әр дүниенің кемеліне жеткен абыройлы азаматым! Әуелі Аллаға мадақ, одан кейін ата-анаңа алғыс, спортта жетектеп, алар асуларыңды жақындатқан, биік белестеріңді бағындыруға ат салысқан әрбір жанға рақмет! Өзіңнің мандай терің, үлкен еңбекпен қол жеткізген алтын медалін құтты болсын! Өміріңді осы алтындай жарқыратсын Аллам! Өзіңе, отбасыңа, өзіңе бағалы жандарға мызғымас мықты денсаулық, әр күндеріңізге береке мен хайыр тілеймін! Әсерлі әңгімеңіз үшін, сапалы сөздеріңіз үшін, мәдениеттілігіңіз бен имандылығыңыз үшін рақмет! Жақсы күндеріміз көп болсын!❤❤❤❤❤
@zhanb6291
@zhanb6291 10 ай бұрын
Елдос - өте сирек кездесетін жігіт қой. Жаратқан ием өмірін ұзақ қылсын.
@МанзураСагит
@МанзураСагит 10 ай бұрын
Басқа сұқбаттарын көрмей, тек қызық times көргенсің ғооооо 😂❤❤ one love қооо❤❤❤ Алғааааа Қазақстан 🎉жұлдызымыз жарқырай берсін ❤
@МаржанМанекеева-ь8п
@МаржанМанекеева-ь8п 10 ай бұрын
Әншейін көп сөйлейтін жүргізушілер бұл жолы артық сөйлей алмады ғой. Мысы басым ер екенінің белгісі. Тілдің тұнықтығы тағы бар. Бұрын күлу үшін көруші едім. Бұл жолы тек көңілге жақсы ой түйіп қана көрдім. Рахмет көп көп көп 😊
@БахтыгулЖубанова
@БахтыгулЖубанова 10 ай бұрын
Бұл Жігіттер ... қалай жүргізуді , білетін шығар ?! Артық сөйлеу ... Не керек ?!
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 10 ай бұрын
Көкем-ау, әр нәрсенің орны бар. Өзімізден едәуір кіші бауыр ғой. Мыстың не қатысы бар? Сый, құрмет деген бар. Одан соң айтары бар адамға кедергі жасап не керек.
@Nur-m2k
@Nur-m2k 10 ай бұрын
Ойнап күліп прикол ұстайтын адам болады. Серезьно сұхбат жасайтын адам болады.
@НурбибиАбдир
@НурбибиАбдир 10 ай бұрын
​@@MaratOralgazin мяя прям барлык коментты окисындао ма. Молодец риза болдым
@ЛенгерШымкент-ц2с
@ЛенгерШымкент-ц2с 10 ай бұрын
@@НурбибиАбдир😂😂😂👍🏻
@Holodnoecerd4e
@Holodnoecerd4e 10 ай бұрын
😢😢какой воспитанный наш чемпион !! Огромная благодарность родителям что так воспитали!!🎉🎉🎉
@MuhammedMercedes
@MuhammedMercedes 10 ай бұрын
Міне, нағыз ер азамат! Сөзі мен ісі үйлескен, жігіттің жігіті дер едім. Еліміз үшін жасаған ерлігімен қатар, сөзі де нық, елге айтары бар, жасы болсын, үлкені болсын, ой салып тыңдаған жанға өзіне алары бар тәрбиелік, патриоттық мәні бар, шынайы сұхбат, шынайы кездесу болды. Ешқандай Коучтың, ешқандай психологтың керегі жоқ, егер сіз Елдос Сметовтың сұхбаттарын қарайтын болсаңыз, тұнып тұрған мотивация. Болашақта еліміздің билік тізгінін ұстап, жоғарыдан көрініп жатса, елі үшін, жері үшін күресетін, елдің қамын ойлайтын азамат болатынына сенімдімін.Елдос Сметовтей саналы ұрпақ сүюді бұйыртсын!🙏🤲Әрбір қазағым сіздей чемпион болмаса да, сіздей тәрбиелі,саналы, ата-ананың қадірін білетін, көзі ашық, көкірегі ояу адам деген атқа лайық болуын тілеймін!🙏🤲Сізге, ата-анаңызға, жалпы отбасыңызға ғұмырлы өмір тілеймін! 🙏🤲🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍
@useruser8799
@useruser8799 9 ай бұрын
Жылап, күліп бір деммен көрдім. Күшті сұхбат болды❤
@ХАН-ю3у
@ХАН-ю3у 10 ай бұрын
«Жасым үлкен мен жеңем» деп жүгірдің, Жұрт алдында омақасып жығылдың. «Күш атасын танымайды» дегенді Бұл өмірде бірнеше рет ұғындың. Көп болсын Елдостай азаматтар, Біліммен де, күшпен де ұрып жығар, Қолдайық бір-бірімізді әрқашан! Қазақ жігіттері әлемді бағындырар..!🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@qazaudiokitap
@qazaudiokitap 10 ай бұрын
Неғыдың, мақтадың ба даттадың ба
@ЕргалиБекмаганбетов-о3ъ
@ЕргалиБекмаганбетов-о3ъ 10 ай бұрын
Күш атасын танымайды, дегенді Бұл өмірде бірнеше рет ұқтырдың Осылай дұрыс болар!
@Saya_Aitbayevna
@Saya_Aitbayevna 10 ай бұрын
Жаныыыым! Елдос нағыз батыр!❤❤❤❤❤❤❤ Не деген өнеге, не деген тәрбие, не деген тәртіп, не деген сөздер ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ ЖЕТІП ЖАТҚАН! Тағы бір жылаттың ғой жаным, қуаныштың көз жасы үшін МЫҢ АЛҒЫС! Нағыз азамат! Елдос біз сенімен мақтанамыз!😎😎😎 Таразымның тарланы! Марат, Еркебұлан эфир үшін рахмет үлкен!❤❤ Сағынып қалыппыз.
@ZhumakhanItzhanova_1985
@ZhumakhanItzhanova_1985 8 ай бұрын
Кругозоры парасатты адамдардан құралған, ақыл деңгейі, ой-сарасы таза, өресі биік чемпионмен өткен әдемі сұхбат, жақсымен өткен жағымды жарты сағаттар болды.
@maralismagulova
@maralismagulova 10 ай бұрын
Недеген жүзі жылы жан еді. Қарапайымдылығы көрініп ақ тұр😍👏 Сөйлеу мәнері де ерекше. Жарайсыз👏Тек биік белестерден көріне беріңіз❤
@Sakura_______
@Sakura_______ 10 ай бұрын
Жаным Елдос аға🥹 ішіндегін шығарып алды деп ойлаймын осы жерде. Керемет. Чемпиондарымыз көбейе берсін❤️
@shokant6912
@shokant6912 10 ай бұрын
Молодец Елдос, ыржың-тыржың күлкі шоуды мағынасы бар бір бағдарлама қылып кетіпті🐅🐅
@magzhanbakyt8764
@magzhanbakyt8764 10 ай бұрын
Атаңа рахмет батыр!!!Сендей Қазақтың ұлдары көп болсын❤
@Майра-ц5г
@Майра-ц5г 10 ай бұрын
Елдосқа жастар еліктейді, көреді, тыңдайды . Жастарға Елдос барлық жағынан үлгі бола алады. Елдостың бойына еңбекқорлық, қарапайымдылық, қазақ тілін сүю, ұлттық намыс, ананы құрметтеу, елін сүю, имандылық , еркіндік секілді ізгі қасиеттер жинақталған. Өте тәрбиелі, сауатты, мәдениетті, әзілқой. Адамды өзіне баурап, тартып тұрады.Тіл көзден аман бол.Осындай қазақ жігіттері көп болсын елімізде. Ата-анаңа мың алғыс.❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@Дана-х5д
@Дана-х5д 10 ай бұрын
Елдостың сұхбаттарының бәрін көріп шықтым.Тыңдаудан жалықпайсың.Сөз саптауы керемет,тыңдай бергің келеді❤Бақытты бол. Ата анаң,бала шағаң,отбасың аман саулықта болыңыздар❤
@МайгульБайбурина
@МайгульБайбурина 10 ай бұрын
Керемет сұхбат болды! Терең ойлы, жан-жақты , әрі сегіз қырлы екенін аз уақытта көрсете білді Елдос! Чат рулетка шығу ұнамады ,өңшең бір сауатсыз, боқауыздар көп болды, екі сөздің басын қоса алмайтындар шыға берді. Елдостың болашақта алдына қойған арман-мақсаттары орындалуына тілектеспіз! 🎉❤ Айтары көп екен, тек
@aktilekmed
@aktilekmed 10 ай бұрын
Әлем танитын спортшылар келіп жатыр Қызық Таймсқа, қызық таймстың уровеньінің артқанына дәлел шығар, ары қарай дами берсін Қызық таймс🙌🔥
@noname-cs5is
@noname-cs5is 10 ай бұрын
Елдос аға сондай тәрбиелі екені байқалады. Сөз саптауы, жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстағаны, бәрінен көрініп тұрады қандай ер-азамат екені. Даусы өте жағымды, ән айтқанда да біраз таланты бар екенғой👍🏻
@MerizhanZholdasov
@MerizhanZholdasov 10 ай бұрын
Елдос Сметов Ел үмітін ақтаған, “Қызық Times” Намысты TV ға сатпаған ❤️ Аман болыңдар 🫂
@ГүлістанМахашева
@ГүлістанМахашева 10 ай бұрын
Сөз саптауы керемет!Елдос,жарайсың!
@НаргизаЯкубова-ж6п
@НаргизаЯкубова-ж6п 7 ай бұрын
Казакшса жаза албаймда
@БакеБ-н5э
@БакеБ-н5э 10 ай бұрын
Қызық таймс бағдарламасы мен Елдос Сметов топ шығарылым болды❤🎉
@Azimbek_Bailin
@Azimbek_Bailin 10 ай бұрын
Өте керемет қонақ, керемет шығарылым болды. Рахмет жігіттер. Осы сұхбаттан жастарымыз үлгі ала берсін. Братан деген сөзді қойып, АҒА деп мәдениетпен сөйлей білейік. Жеңіс құтты болсын Қазақтың БАТЫРЫ 🇰🇿✊
@Anuar-18-01
@Anuar-18-01 10 ай бұрын
Елдос Сметов ағамызға риза болдым. Қазақтың көк туын желбіретіп, биікке көтеру әрбір Қазаққа бұйырсын🇰🇿🤲🫂
@MerizhanZholdasov
@MerizhanZholdasov 10 ай бұрын
“Қызық times” өте жақсы бағдарлама,Жәй сөз,бос күлкі,Арзан сұрақтар емес. Күлдіріп отырып ой салатын Сұхбат болды,Аллаһ разы болсын Мәке Кеша ✊🏻
@Niazakun
@Niazakun 10 ай бұрын
Осындай ерлер тұрғанда қазақ елі мәңгілік 🇰🇿🇰🇿
@Динара-ш8э
@Динара-ш8э 10 ай бұрын
Өте тәрбиелі. Ата-ана көрген жігіт екен. Ата-анаң 100жасасын саған осындай тәрбие берген. Дұрыс анаңды алып шыққаның мен қолдайм. Әйеліңді әлі ертіп шығып үлгересің
@user-cn9mn1ws3t
@user-cn9mn1ws3t 10 ай бұрын
Елдос нағыз азамат! Сөзі қандай, өзі қандай! Тіл-көзден аман болсын! Отбасы, ата-анасы, жан жақындары, бауырлары бәрі амандықта болып, еңселі , ордалы чемпиондар, елге қызмет ететін жақсы тұлғалар шыға берсін! Еліміз аман болсын! Сөз саптауды, жастар, Елдостан үйреніңдер! Төзімді, сабырлы болуды Елдостан үйреніңдер!
@СанияХасанова-т5я
@СанияХасанова-т5я 10 ай бұрын
Елдос айналайын.Тәрбиелі,өнегелі, сабырлы, қарапайым азамат екеніңді әлі де көрудеміз.Сөз саптауың ,ақыл ойың қандай керемет. АНА ға деген құрмет, еліңе,халқыңа деген қошемет мол болсын.Абырой атағың арта берсін.
@zhansauleqanatova7864
@zhansauleqanatova7864 10 ай бұрын
Әдемі сұхбат болды. Елдостың сөзін бөлмей, тыңдағандарыңыз үшін🙏 айтарв көп жігіт екен
@МерхатЗекен
@МерхатЗекен 10 ай бұрын
Елдосты тыңдай бергін келеді, өте сабырлы тәрбиелі жігіт
@BauyrzhanAhmetaliuly
@BauyrzhanAhmetaliuly 10 ай бұрын
Керемет шығарылым Қызық times рахмет, Елдостай жарық жұлдызымыз бар болғанын аллаха шүкір! Елдостың ой өрісі өте жоғары деңгейде, сондықтанда қазіргі өсіп келе жатқан жастар үлгі алса деймін!
@nazgul.rantaeva
@nazgul.rantaeva 10 ай бұрын
Анаңның сенімі, халқыңның үміті тұрғанда сынып қалуға еш қақысы жоқ ер азаматтардың. Спорт тәртіпті талап ететін орын. Сол себепті ұлдарыңызды еркек қылып тәрбиелегіңіз келсе спортқа беріңіздер! Елдосқа келер болсақ еңбегі арқылы осы дәрежеге жеткен ер азамат. Мықтыны мықты деу керек. Қазақты қазақ қылып танытқан Елдос. Сөз саптауы өте керемет. Ұтқан кезде қуанышты болдық тіпті жыларман күйде болдық. Қазақтың туы тек биікте шарықтай берсін. Қазақ болғаныма қатты қуанамын😊
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 10 ай бұрын
Ана туралы мықты айтты иә?
@nazgul.rantaeva
@nazgul.rantaeva 10 ай бұрын
Ия анасының сенімі алға сүйреді ғой. Аналық жүрек шіркін баласына ненің жақсы екенін сезеді ғой. ​@@MaratOralgazin
@nazgul.rantaeva
@nazgul.rantaeva 10 ай бұрын
​@@MaratOralgazin Марат аға Еркебұлан аға осындай жастар үлгі алатын бағдарламаларыңыз көп болсын. Ел үшін сіздерде қызмет жасап жүрсіздер, сіздерге табыс, үлкен жетістіктер тілеймін. Жастарды сүйреп қолдап жүргендеріңізді көп естимін. Алла бастарыңызға бақ берсін. Ылғи жазамын деймін реті осы келді😊
@Гүлжайна-ч6ч
@Гүлжайна-ч6ч 10 ай бұрын
❤​@@MaratOralgazin
@МеруертАлмаханова-д6е
@МеруертАлмаханова-д6е 10 ай бұрын
​@@MaratOralgazinчаттарды қалай қостыңыздар сол қызық болып тұр ватсап или инста ма😃
@СаулеТилеукеримовна
@СаулеТилеукеримовна 10 ай бұрын
Жақындардың қолдауына рахмет.
@СВЕТАЭШМУРАТОВА
@СВЕТАЭШМУРАТОВА 10 ай бұрын
Қазір ғана көріп болдым,көп рақмет сіздерге❤.Жылапта алдым,күліпте алдым.Расыменде көңілге жақсы ой түйеді екенсің,көңілімде көтеріліп қалды.Сәттілік сіздерге😊🤗
@gulzirayntymak9653
@gulzirayntymak9653 10 ай бұрын
Қандай керемет сұхбат болды Сөз саптауы дауыс ырғағы сондай керемет құлаққа жағымды😊Сана сезімі биік тұлғасы ерекше азамат екені қуантты.Осындай жандар көп болса екен.Үлгі болатындай жаны жайсаң жан екен😊Ата-анасына Алла ұзақ ғұмыр берсін.Мұндай қазақтың бетке ұстар азаматын тәрбиелеген тұлғаларға алғыс☺️
@n1n-012
@n1n-012 10 ай бұрын
Қазақ елінің дзюдадан тұңғыш олимпиада чемпионы аңыз аты алтын әріптермен қалады Қазақстан тарихында✊
@СаулеТилеукеримовна
@СаулеТилеукеримовна 10 ай бұрын
Анасына алғысым шексіз ,Алла разы болсын, баласын қолдап ,жетістікке жеткізген
@Bbb1draa
@Bbb1draa 10 ай бұрын
Меніңше ең керемет выпуск осы деп ойлаймын, өте пайдалы әрі өмірлік ұстаным мен көзқарастың өзгеруіне бірден бір себебі болатын выпуск😍 Рахмет қызық таймс, әр шыққан видео контенттеріңыз көріп қолдаймыз Елдос Сметов сізге алғысымыз шексіз, чемпиондығыңызбен шын жүректен құттықтаймыз🙌🏻
@НеллиОппо
@НеллиОппо 10 ай бұрын
Жеңістік жолдарыңды Алла менің балапандарыма нәсіп етсін 🤲❤
@Dorama_Seryals_Para
@Dorama_Seryals_Para 10 ай бұрын
Елдостың артынан тек чемпиондар көбейсін қазақ спортшыларында. Жарайсың еркексін.
@ЖанаргулНурымова-ъ4ш
@ЖанаргулНурымова-ъ4ш 10 ай бұрын
Құрметті Елдос! Ұлы жеңісіңіз құтты болсын,Алар асуларыңыз биік, көп болсын 🤲 Жақсы тәрбие берген ата анаңа мың алғыс. Қазақстанның туын биікке көтеріп жүре беріңіздер 🤲Қызық тайм ұжымы сіздерге мың алғыс,еңбектерің жана берсін 🤲 Жақсы жастарға тәрбиесі мол программа болды ,түсініп тыңдағанға, жарайсыңдар ✊🔥
@Akkumiss
@Akkumiss 10 ай бұрын
Сондай мәдениетті, сөз саптауы керемет, әзілге де бар, интелектісі, ойлау қабілеті өте жақсы нағыз үлгі болатын азамат🔥
@ГулнурАбдукаримова-т3б
@ГулнурАбдукаримова-т3б 10 ай бұрын
Анасын құрметтеген ұрпақ, жалпы әйел затын құрметтеп өтеді! Ата-анаңа мың алғыс, мейірімді, салиқалы, жүрегінде иман байлығы күшті етіп тәрбиелеген🤩🤲! Жеңісің көп болсын чемпион🇰🇿✊!
@МамановаАйгүл
@МамановаАйгүл 10 ай бұрын
Марат,Кеша қалған ұта алмаған спортшыларды да шақырыңыздаршы.Еңселерін көтерейікші.Өмірлері алда әлі деп жақсы қолдау жасайықшы.Молодец Сметов, өте мәдениетті екен,сөз саптауы тамаша🎉🎉
@damirazholdasbay19
@damirazholdasbay19 10 ай бұрын
Қызық Times-тың жаңа шығарылымында Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті көргеніме өте қуаныштымын. Елдос Сметовтың еңбекқорлығы мен табандылығы спорт әлемінде үлгі болып табылады. Оның жеңістері тек өзіне ғана емес, барлық жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлады. Осы қызықты шығарылымды ұсынып, көрермендерді шабыттандырғандарыңыз үшін алғыс айтамын!
@Mara08-08
@Mara08-08 10 ай бұрын
Елдос бәрекелді тағыда жеңісін құтты болсын! Жамбыл облысының Қазақстанның намысын ту етіп көтеріп жүре бер! Қызық таймсты қатты сағынып қалыппыз! ♡
@ХадишаАбдыкалыковна
@ХадишаАбдыкалыковна 10 ай бұрын
Қандай керемет сұхбат. Спортшы болып қоймай, сөз саптауы, айтқан әңгімесі өте орынды,керемет сөздер. Лайықты олимпиада чемпионы
@hanalim6873
@hanalim6873 10 ай бұрын
Параолимпияда жүлдегерлеріңде шақырсаңыздар ✊🏼
@muratcodm
@muratcodm 8 ай бұрын
Соны айтам, еленбей қала береді
@АлтынайЖ-я6т
@АлтынайЖ-я6т 10 ай бұрын
Өте керемет эфир, Елдостың сөйлеу манері , тәрбиесі ұнады. Керемет. Чат рулетка деген қандай қосымша екенін білмеймін. Бірақ жастардың оның ішінде қыздардың сөйлеулері бір женіл болып көрінді. Өзім қыз бола тұра, олар үшін ұялып отырдым.
@АзаматСапаров-ф8ю
@АзаматСапаров-ф8ю 10 ай бұрын
Армандар орындалады мақсатың айқын болса деген сөзді іспен дәлелдеді ғой Елдос бауырымыз!🎉🎉🎉
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 10 ай бұрын
Иә, Азеке! Қаншам еңбек!
@ЖасуланСейлхан-и6д
@ЖасуланСейлхан-и6д 10 ай бұрын
Маке Ассалаумалейкум рухты түсірілім болған екен. Жарайсыңдар бауырларым
@СакенДунесов-в7ф
@СакенДунесов-в7ф 10 ай бұрын
Ассалаумағалайкум ағайын. Өте қызықты сұхбат болды. Елдос бауырым тек мықты спортшы ғана емес, сонымен қатар өнерлі, білімді азамат екен. Сөз саптауы мықты, өз ойын мүдірмей жақсы жеткізеді екен. Аллаһ тағалла өзіне, жанұясына, ата-анасына зор денсаулық, ұзақ өмір берсін. Ал Мәкең мен Ерекеңе, "Қызық times" бағдарламасына сөз жоқ. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Үлкен рахмет.
@almagulbisahan8964
@almagulbisahan8964 10 ай бұрын
Өте керемет сұхбат көңілді болды Елдос Сметовқа толағай табыс тілеймін.Жеңістен жеңіске жет
@erbolbaitoreev4148
@erbolbaitoreev4148 10 ай бұрын
Батырдың көзі тірісінде құрметтеген елімнен айналайын!!!!
@АйсұлуКөбегенова
@АйсұлуКөбегенова 10 ай бұрын
Елдос Сметовтың сөз саптауы өз ойын нақты жеткізіп айтуы мықты. Биі өте керемет 😊😊😊🥰🥰🥰
@Brilliant-y5e
@Brilliant-y5e 10 ай бұрын
Өте білімді жігіт!!! Ұлтымыздың мақтанышы!!!!
@dd_dlya_detei
@dd_dlya_detei 10 ай бұрын
Осы сұхбат біраз адамға сабақ болды. Тәрбиелік мәні де, әзілі мен шындығы жарасқан инсайд сұхбат болды. Мотивацияға да толы❤ Рахмет көп-көп біздің елдің туын көкке көтеріп,аңсаған алтын әкелгеніңіз үшін😊 Марат пен Еркебұлан ағалар әзілдің жілігін шағып,майын жегендерғой🫶🏻
@ГульназБайтугелова-х1ф
@ГульназБайтугелова-х1ф 10 ай бұрын
Анасы туралы айтқанда жылап қалдымғой, Алланың разылығына ананың разылығы арқылы жетуді нәсіп етсін
@user-Tolganai
@user-Tolganai 10 ай бұрын
Мынау сұхбатты көріп қуанып отырмын. Білімді, тәрбиелі адам екені көрініп 8 қырлы 1 сырлы нағыз ер азамат екені көріп тұр. Баласы осындай болса ата-анасыныңда жақсы кісілер екені көрініп тұр. Ата-анасына, отбасына Алланың нұры жаусын! Жұмақтың төрін нәсіп етсінші😍🤲🏼
@ффбета73
@ффбета73 10 ай бұрын
Асфальт тақырыбы қызық болып тұр😂❤ ең қызық шығарылым болды бұл
@Dauren_Kuanysh
@Dauren_Kuanysh 10 ай бұрын
Өте керемет Елдос құтты болсын!!! Сөз таптаулары, қазақша сөйлеуі өте керемет, жастарды өзің сияқты олимпиада чемпионы болуға үлесіңді қоса бер!!!✊🏼✊🏼✊🏼
@ЖулдызайАраш
@ЖулдызайАраш 10 ай бұрын
Елдос Сметов аға осы бағдарламада еркін, ашық әңгімесін, әзілін айтып отырды. Олай отыру себебі жүргізушілердің ықпалынан деп ойлаймын. Керемет шығарылым, маған ұнады 👍
@atlet-09
@atlet-09 8 ай бұрын
Рахмет тамаша передача саттилик тилеймин 👏👏👏👏 Улкен салам Кыргызстандан 🇰🇬🫂🇰🇿
@АзаматСапаров-ф8ю
@АзаматСапаров-ф8ю 10 ай бұрын
МашаАлла! Алла разы болсын! Алла тіл көзден сақтасын бауырымызды. Әмин. Марат пен Еркебұлан сол баяғы ТОП!)😊🎉🎉❤
@ДинаДина-б1т
@ДинаДина-б1т 10 ай бұрын
Тарбиеси вообще Супер!Ата-Анасына Мын Алгыс!❤
@AKN8901
@AKN8901 10 ай бұрын
Қандай керемет! Әрбір қазақ жігіті Елдостай, Марат пен Еркебұландай болғай! Білімді, жігерлі жігіттер көп болсын!
@ДуйсинбекИсатай
@ДуйсинбекИсатай 9 ай бұрын
Не деген грамотно жауаптар прям сүйсініп Елдостын әр жауабын күтесіңғо❤
@Epicminecraft17
@Epicminecraft17 10 ай бұрын
Елдос Сметов агамыз барша казак елыне асыресе осып келе жаткан жастарымызга улгы бола былды, осынын аркасында елымыз дзюдодан алгаш алтын медальга ие болды. Маган унады тек алга🔥🇰🇿
@sultanulykz
@sultanulykz 10 ай бұрын
Әдемі сұхбат болды. Жарайсың, Елдос! Қазақы тәрбиені жақсы көрсетті. Жеңісті, жемісті күндер алда болсын! Ендігі жастар 3 мәрте олимпиада жүлдегерін шығарған ұлттың өкіліміз деп, алға ұмтыла берсін!
@DarkKnight-sj1bt
@DarkKnight-sj1bt 10 ай бұрын
Айналайын, аман бол! Өте мәдениетті бала екенсің, Қазақтың мақтанышысың!
@zz.element
@zz.element 9 ай бұрын
Не деген интеллект Елдоста! Спортта сәттілік! Әдемі шығарылым!
@ГулназАбдулдаева
@ГулназАбдулдаева 10 ай бұрын
Тамаша мәдениет тәрбиесі керемет екен ата анаңыздын еліміздің мақтанышысыз ❤❤❤
@АрайлымЖартаева-я1и
@АрайлымЖартаева-я1и 10 ай бұрын
Керемет. Қазақ халқы үшін бір туар азамат. Қазақ елінің туы тек қана көкке көтеріле берсін 🤲
@ТаразТаращ-и9г
@ТаразТаращ-и9г 10 ай бұрын
Қазағым жасай берсін халқым🇰🇿 Әр қазағым жалғызым 🇰🇿
@СерікКунешов
@СерікКунешов 10 ай бұрын
Азамат , осындай тәрбиелі спортшылар көп болсын.
Жеңімпаз жолы - Елдос Сметов
10:53
Sàt keldi | Sat keldi | Сәт келді
Рет қаралды 589 М.
Amre - Аққуым [M/V]
03:59
Amre Official
Рет қаралды 63 М.
АНАСЫ МЕН ҚЫЗЫ - 1 бөлім / жуконай
10:13
Sadraddin - Qaragym-ai | Official Visualizer
02:34
SADRADDIN
Рет қаралды 1,1 МЛН
KEANNA REEVES, MAY PASABOG NA NAMAN! | Aiko Melendez
38:00
Aiko Melendez
Рет қаралды 150 М.