МУЗАРТ - ҚЫЗЫҚ TIMES I Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанабілов | ЗАМАН тобы

  Рет қаралды 377,335

Marat Oralgazin

Marat Oralgazin

Күн бұрын

Ең мықты шығарылым! Арнайы қонақ ЗАМАН тобы! Соңына дейін көр! "Пуэрто-Рико" дәстүрлі ән стилінде? Калифарния, Мирас Жугунусов, Садраддин, Шиза әндерін мүлдем басқаша орындап берді!
Жастар айтпақшы, студияда нағыз "ЛЕГЕНДА" жандар! Қызық Times бағдарламасында аты аңызға айналған МУЗАРТ тобы. Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанабілов!
Бағдарлама басынан-ақ Кенжебек, Мейрамбек аға, Сәкен аға әзілмен бастады.
Кенжебектен ондайды күтпедік! Бірден бас салып ағалардың жасына тиісе кеткені қалай кетті?
Мәңгі жас Музарт тобы! Сәкен ағаның жас көрінетіні сонша тіпті Мейрамбек Беспаев Сакен Майгазиев ті оның ұлымен шатастырып алады екен.
Сәкен Майғазиев және Мейрамбек Беспаевтың жас көрінуінің себебі неде?
ОСЫ ЖЕРДЕ ЭКСЛЮЗИВ! Жуырда Мейрамбек Беспаев пен Садраддин дуэт жазады! бірақ ешкімге айтпаңыздар! Ол әзірше құпия! sadraddin
Музарт тобының қатысушыларын жас кезінде қалай атаған? Қандай лақап аттары болған? Қалай ойлайсыз? Сәкен Майғазиев - Қалдыбек! Кенжебек - Тайсон, Ал Мейрамбек Беспаев ше? Ешқашан таппайсыз!
Сонымен қатар МузАрт тобы өзінің жастарға көзқарасы туралы айтып кетті. Жастарды үнемі қолдап, шабыт беріп, оларға әрдайым талантын шыңдау үшін барын салатынын айтып кетті. Оған дәлел әрине ағаларымыздың жасап жатқан телевизиялық жобалары. Мысалы "Хабар" арнасында Мейрамбек ағаның бастауымен жүзеге асқан "Кавер-шоу", "Жұлдызды жекпе-жек", Сәкен Майғазиев жетекшілігімен "Хабар" арнасында "БЕС ЖҰЛДЫЗ" бағдарламасы эфирде жоғарғы рейтинг көрсетуде. Оған қоса ерекше "Музарт Лайф" жобасы бар! Мұның барлығы жастарға деген көңіл және де жаңа таланттарға жол ашып мүмкіндік беру, аға буынның жаңа буынға деген жанашырлығы мен қолдауы, алдыңғы толқын мен кейінгі толқын сабақтастығы деп білеміз!
Депутат, пара алғыш әкім, Қазақстан жолдарын Музарт музыкасына қосса не болады екен? Керемет эксперимент!
Бағдарлама барысында Музарт тобымен дуэт айтуды армандап жүрген Абзал Қамбаров өнерін көрсетті. Оның ерекшелігі тек актуал, өзекті тақырыптарға ән айтады. Бұл жолы Абзал Қамбаров Музарт әндерін қолданып өзгеше мәндегі әлеуметтік мәні бар, өзекті әндер орындады.
МҰҚАБА айдары! Қызықтаймс жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жымиып , күліп отырып әзілмен, ыммен көп маңызды нәрсені жеткізе алатынын білесіздер! Бұл жолы да әзілмен болса да ағаларына өте маңызды тақырыптарды жеткізе алды. Ерекше музыкалық талғамымен танымал МузАРТ тобына қазіргі таңда шығып жатқан қисықтау әндерді тыңдатқызды. Тақырыбы түрпілеу, ән мәтініі ыңғайсыздау бірақ сұранысқа ие әндер. Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев тіпті кей жастарға өзінің ренішін білдіргендей болды.
Әннің өзі идеология құралы. Сондықтан ән шығарғанда да жауапкершілікпен қараған жөн екендігін айтып кетті.
Бағдарлама соңында ерекше эксперимент. МУЗАРТ тобы ХАЛЫҚпен ДУЭТ айтты!
МузАРТ тобының әрбір әні нағыз классика, "халық" әніне айналып кеткені анық. Мысалға әйгілі "Сенің көзің" әнін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жатқа біледі. ҚызықТаймс редакторлары Алматы көшелерінде кездейсоқ жолаушыларға осы әнді айтқызып көрді. Нәтижесінде қарапайым көрермендер Музарт тобының өзімен осы әнді дуэт ретінде айтты! Не деген бақытты жандар!
Бағдарлама соңында ТОСЫН СЫЙ! Премьера! Жаңа ән! "Заман" тобы!"Сені сүйем"
ЗАМАН тобы - еліміздегі ең талантты дуэт! Ерген және Әсет! • Seni Suyem
Оған қоса "Заман" тобы еліміздегі ең мықты импровизатор екенін барлығы біле қоймайды! Осы жолы Ерген мен Әсетке заманауи әндерді өз стильдерінде айтып шығуын ұсынды.
"ЗАМАНға сай ән" айдары! Меховая тобы - Ақ көйлек киген, Калифарния - Пуэрто Рико дәстүрлі ән стилінде, Мирас Жүгінісов, Шиза әндері ерекше стильде орындалды
Заман тобы Қарақат көзің: • Заман - Қарақат көзің З
Музарт тобы әндері • МУЗАРТ - ең үздік әнде...
Музарт тобы концерт • «МузАрт» ансамблінің ж...
Сағындым Алматымды • МузАрт-Сағындым Алматы...
Мейрамбек Беспаев және Қанат Үмбетов • Мейрамбек Бесбаев & Қа...
Мейрамбек Беспаев және Ернар Айдар • Мейрамбек Беспаев & Ер...
БЕС ЖҰЛДЫЗ жобасы • Қанат Тасхан & Есқара...
• «Бес жұлдыз». Mariyam ...
Каналға жазыл / Подпишись на канал
/ @maratoralgazin
Жүргізушілер:
Марат Оралгазин - / oralgazin
Еркебулан Мырзабек - / rollanuly
Абзал Қамбаров:
#қызықtimes #музарт

Пікірлер
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Ұнады ма? Қай сәті? Минутымен жазып жібер! Лайк коммент жазып барлық ватсаптағы достарыңа жібер! 47:12 ЗАМАН тобы! Жарды🔥Соңына дейін көр
@sa6itkz_
@sa6itkz_ 11 ай бұрын
Халықпен дуэт 🔥
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
@@sa6itkz_Әндер ше?
@Eldar.Kz.Chicago1991
@Eldar.Kz.Chicago1991 11 ай бұрын
18:50 прям в точку
@Шымкент-е3ш
@Шымкент-е3ш 11 ай бұрын
Барлык минут кызык Ол кiсiлерге соз айту уят кой барлык казак елине.Ми жок тусиниги жок адамдарга айтпа айт тусинбейди барибир
@Gulia_8993
@Gulia_8993 11 ай бұрын
Kaz korib jatrm magan ar sekunt minuti unaydigoy agalarimnin korinisterinin🥰
@ain07
@ain07 11 ай бұрын
Қазақ тілінің шұбарлануы туралы өте орынды айтты. Аға буынның сыны жастарға жетер деген үміттемін!
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Көп нәрсе айтты ағалар негізі
@Imocha02
@Imocha02 11 ай бұрын
​@@MaratOralgazinҚайрошты шақырындар братан
@Нургайни
@Нургайни 11 ай бұрын
Мейрамбек пен Сәкен расымен қазақ тілін дамытты,айтқан ақыл-кеңестері дұрыс.Жүргізушілер де керемет.
@veneraissen2243
@veneraissen2243 11 ай бұрын
“Заман” тобын көргеніме Өте қатты қуаныштымын! Кезінде Ұлықпан Жолдасов талантты жігіттерді танып,паш еткені үшін рахмет! Заман тобын 24 сағат тапжылмай тыңдауға әбден болады,түр десе түр,вокал десе вокал❤
@АкбопеАубакир
@АкбопеАубакир 11 ай бұрын
Құлақтың құрышы қанып қалды-ау. Осындай таза, сауатты сұхбат көрмегелі біраз болыр еді. МУЗАРТ ол легенда✅
@zhana_kazakhstan
@zhana_kazakhstan 11 ай бұрын
МузАрт тобы әлем бойынша ешбір хейт алып көрмеген топ! Өзім сыйлайтын Сәкен аға ең 8қырлы 1сырлы жан,қазақилықтың иісі аңқып тұрады қашанда,ұлтсүйгіштігі өте жоғары! Жастарға деген ақылы бір бөлек! Дауысы да кейпі де өте керемет жан! Адам ретінде ең үлгі тұтар өнер жұлдыздарының бірі! Мейрамбек ағаның өзіндік ұстанымы мен өзіндік жолы да бөлек,жүрекпен жеткізетін дауысы жүрекке сөзсіз жетеді! Кенжебек ағамыз ол кісі шынымен ортасында кенжелігін көрсетіп отырады байқасаңыздар,көп сөз сөйлемей, сөздерін бөлмей,інілік сыпайылығын жасандылықсыз көрсетеді,себебі мықытылармен жүріп өзі де мықты болған азамат! Менімен қосылсаңыз лайк басып кетіңіз👍 негізі бұл жандар жайлы ауыз толтырып айтуға болады ,әттең көп сөзді ешкім оқи бермейді қәзір😢
@БотагозАткелтирова
@БотагозАткелтирова 11 ай бұрын
Әлем бойынша
@ПрриипРорпен
@ПрриипРорпен 11 ай бұрын
Керемет комментарии, Алланын нуры жаусын саган !
@nurly_omir
@nurly_omir 11 ай бұрын
Мен оқыдым. Керемет жазыпсыз❤
@Сейфулла-о2б
@Сейфулла-о2б 11 ай бұрын
Ризамын. Сіздей сипаттай, бағалай алатын қазағым көп болсын.
@РитаЗейнуллаевна
@РитаЗейнуллаевна 11 ай бұрын
Менде окыдым )
@МерейМұхамбедия-я5с
@МерейМұхамбедия-я5с 11 ай бұрын
Заман тобы таң қалдырды. Каверлері бірінен бірі асады. 🔥🔥🔥 Калифарнияның әні осы орындауда ата-әжелеріміздің сүйікті әні болып қалуы мүмкін.😊 Мықты.👏👍
@жанеркесарсенбаева-у6ч
@жанеркесарсенбаева-у6ч 11 ай бұрын
Сауаттылығы және орнымен сөйлеуі қандай керемет . Қазір бұл жастағы ағаларымыздың көбі телефоннан көз алмай , уақыттарын зая кетіріп отырады . Артынан ерген жастаға , балаларына саналы ақыл айталмай . Музарт тобы мен үшін үлкен құрметке лайық. Керемет әндерімен халықтың сүйіктісі болып жүреберсін 🫂
@aktolkynshaikhyslamova9365
@aktolkynshaikhyslamova9365 Ай бұрын
Не деген сауаттылық, не деген мәдениет!!! Не деген патриотизм!!! Халық кез келген әншіні “Легенда” жасамайды. Сәкен Аға 25 жасымда Музартқа келгенмін деген кезде, уақыттың бағасына тағы да көзім жетті. Жасай беріңіздер!
@АзизДүкенбай
@АзизДүкенбай 11 ай бұрын
Аңыз адамдар ғой! Қазақ өнерінің өшпес жұлдыздары!
@ОРДА2023
@ОРДА2023 11 ай бұрын
Аныз дейтиндей не истеп еди бул адамдар оз калтарын толтврганнан баска халкым елим жерим деп бир шыкты ма?
@mergenshaiakhmetov
@mergenshaiakhmetov 11 ай бұрын
Дұрыс​@@ОРДА2023
@zhumassserikov
@zhumassserikov 11 ай бұрын
@@ОРДА2023Басың істемей ма?Аңыз адам қазақ өнерінде деді
@Kghj139
@Kghj139 11 ай бұрын
@@ОРДА2023сенин калтаннан алыппеди. Алла берген несибесин терип жур халыкка унап тойына шакырып, концерт берип. Шакырындарш бизди деп жалыныпта, кинапта журген жок. Талай казак андерин шыркап шет ел аншилерин экраннан сол жылдары вгыстырып бастаган осы кисилер. Мейрамбектин ози бала кезден халык журегин жаулаган. Домбырасын тастамай али дариптеп келеди. Не керек баска
@Галымжан-д9ш
@Галымжан-д9ш 11 ай бұрын
Мынау пікіріңізбен келісемін енді
@АйжанТолешова-е4м
@АйжанТолешова-е4м 11 ай бұрын
Қазақ тілі шұбарлады деп жандары шығып барынша айтып жатқанда жылағым келіп кетті ғой😢 Жандары ашып айтып отыр ғой. Ағалардың әнімен расымен де өзім қазақша ән тыңдап үйренгем. Бақытты болып Қазаққа үлес қоса беріңіздер!!! ❤❤❤
@ЗулфияАйтимбетова-ю7о
@ЗулфияАйтимбетова-ю7о 11 ай бұрын
Керемет Болды Заман тобы жарды енди🎉Қатты ұнады Не деген өнер Әндерді керемет айтып шықты өзгертіп Сол жерлерін көргендер біргеміз❤
@ЖаркенкулЖаркенкул
@ЖаркенкулЖаркенкул 11 ай бұрын
Музарт қайталанбас топ ғой👍 Заман тобын да бағалау керек керемет әшейін жүрген сахнада әртіс сымақтар көп. Заман тобын алға шығару керек
@AzikenTan
@AzikenTan 11 ай бұрын
Ассалаумағалейкум Мәке Ереке мың алғыс сіздерге... Музарттағы ағаларымызды шақырып ... Жастарға айтқан өсиеті ақылдарына мың алғыс.. Заман тобы ең өнерлі .. жігіттер Жезқазған қаласынан Жалынды сәлем🎉🎉🎉🎉
@АйбекНұрғанатұлы
@АйбекНұрғанатұлы 11 ай бұрын
МұзАрт тобы ерекше кісілер. Тәтті балалық шақ үшін мың алғыс. Заман тобы керемет. Түлендіру өзгерту шынымен де жарды
@b.koczhanov
@b.koczhanov 11 ай бұрын
Өте керемет сұхбат болды. Сөздерінің жаны бар. 2000-жылдардың басында барлығы орыстың әншілеріне еліктеп, солардың әндерін айтып жүрген. Сол кезде “ Музарт “ шығып жарқ еткізді
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Иә! Музарт, Орда, Абк! Аңыздар ғой
@zhannakubysheva1
@zhannakubysheva1 11 ай бұрын
Музартты бәрі тыңдайды, мойындау керек✊ Десе де, 91-га дейін жастар қазақша ән тыңдаймын деп кеудесін ұрып мақтанып айтуға бүйректері бұрмайтын.
@zhannakubysheva1
@zhannakubysheva1 11 ай бұрын
қазақша ән тыңдау, айту 91-дің арқасында да болғанын бір мәрте айтылса екен деген ниет❤ музартты сүйіп тыңдаймын❤️
@MikoWa_19
@MikoWa_19 11 ай бұрын
Легенда есть легенда. Сәкен ағаның сөз саптауы қандай керемет. Өлең сөздеріне сындары орынды болды. Арзан ұйқас, қалай болса солай болып кетті. Дауыстары қандай керемет
@zaktimes
@zaktimes 11 ай бұрын
МузАрт бөлек шынымен, Алла ерекше бақ берген, тартымдылық берген, мәдениеттілік берген, еріксіз еліктегің келіп тұрады, Ма ша Алла!❤❤❤❤❤❤❤
@baukenakimali5150
@baukenakimali5150 11 ай бұрын
Заман тобы мен шок болып отырмын,өтініш егер мүмкіндік болса осы айдарды Заман тобымен тұрақты етіп қалдырсаңыздар екен 🎉
@kamshatnazar2534
@kamshatnazar2534 11 ай бұрын
💯💯💯💯👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@АмангульМайлибаева
@АмангульМайлибаева 10 ай бұрын
Бәрекелді👍керемет шығарылым🤩 МузАрт легенда⭐️Мейрамбек кез-келген өз заманындағы әйел адамының “махабатты” болды ғой😊 Ақыл айтудың өзі өнер 👌 “Заман” тобын бірінші рет көруім! Мықты екен👍 Пуэрто-Риконы жандандырды😁 Жарайсындар!!!
@КайратКайрат-г2к
@КайратКайрат-г2к 11 ай бұрын
Заман тобы, жарды😂. Нағыз шынайы талант. Аман болындар, джиги
@Shatmira
@Shatmira 11 ай бұрын
Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Беспаевтың той туралы айтқан үгіт насихаты ұнады.
@АрияАкшамбаева-м9м
@АрияАкшамбаева-м9м 7 ай бұрын
Марат пен Еркебұланға Рахмет,өте өзекті тақырып болды.Мұзарттың жігіттері де мәдениетті түрде жастарға түсінікті етіп жеткізіп отыр.
@ZaiTurs
@ZaiTurs 11 ай бұрын
"Сенің көзің" өлеңінің сөздері қааандай әдемі. Мен енді мән беріп тұрмын, Ма ша Алла😍
@bekjanburibekov3239
@bekjanburibekov3239 11 ай бұрын
Авторы Мұқағали Мақатаев, отыздан асып барамындыда сөзінің авторы Мұқағали
@temirhankyzy
@temirhankyzy 11 ай бұрын
Күшті шығарлым болды 😅 Музарт легенда ғой Дәл осы қалыптарынызда ақылдарынызды әндерінізді айтып жүре беріңіздер 🥰🙌
@user-flzkmu04
@user-flzkmu04 11 ай бұрын
Мықты ұнады, рақмет! Музарт тобы жан жақтан алсақта үлгі тобы деп есептеймін. Заман тобың бірінші рет көріп отырмын, бірақ өте ерекше әсер қалдырды, жарайсыңдар жігіттер! Қызықtimesға рахмет!
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Әнін тыңдадыңыз ба Заман тобының? Ән ғой! Трек емес нағыз ән😅
@АктолкынАкбергенова-т4ы
@АктолкынАкбергенова-т4ы 8 ай бұрын
@@MaratOralgazinЗаман тобын жеке шакырсаңыздар дим👏👍
@АйнурНаурзбаева-о3п
@АйнурНаурзбаева-о3п 11 ай бұрын
Оте керемет айтып отыр Музарт ағалармыз. Расында білгендерін жасап, мәң мағынасы жоқ әндері. Өте орынды айтты Сакен ағамыз.
@SaparovTimut
@SaparovTimut 11 ай бұрын
Зор заман тобы супер жарайсындар жигиттер
@Perizattl
@Perizattl 11 ай бұрын
Х
@ЖанарЗорманова
@ЖанарЗорманова 11 ай бұрын
Керемет азаматтар. Менің сүйікті тобым, кішкентай кезімнен тыңдаймын. Сакен аға сингормонизм жайлы керемет айтты. Қазақ тулін бұрын апайларымыз керемет оқытқан. Ақындар сәл сауаттырақ болса. Қаншама керемет әдемі сөздері бар тіліміз бар
@МеруертТасжанова-щ8н
@МеруертТасжанова-щ8н 11 ай бұрын
Заман тобы ол деген - эстрадаға серпіліс әкелген топ. “Өмір - өзен” әні әр қазақтың жадында деп ойлаймын.
@zhazirabakhytkyzy6614
@zhazirabakhytkyzy6614 11 ай бұрын
Музарт тобы нағыз қазақы аңыз топ, жас кезімізге бір апарып қайттыңыздар, сондай ыстық кезеңдер, Заман тобының осындай керемет қырларын сіздердің арқаларыңызда көріп қалдық.
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Ностальгия
@MadinaAitzhanova-ww1nf
@MadinaAitzhanova-ww1nf 6 ай бұрын
Жазира Күлкімді келтіріңіз 😅 Қазақ тойға шақырса тойдың иесінің қалтасын қаққан Аңыз әншілер , Қазақтың басына күн туса , Турцияға қашып кететін әншілер 😅
@lanabanana9778
@lanabanana9778 11 ай бұрын
Заман тобын бөлек шақырыңыздаршы тағы да🥺🥺❤️❤️❤️
@AidosAbduahit
@AidosAbduahit 8 ай бұрын
Корип куанып, шаттанып, рахаттанып, маз болып, конилденип калдым! Рахмет жигиттер аман болындар осындай. МузАрт агаларга жане Заман тобына улкен Рахмет✊✊✊ оылай салмакты сойлеп тамаша тамаша онер корсеткен Кызык Таймс конактары жане багдарлама жигиттерине улкен алгыз👍👍👍✊✊✊
@Jadyra_K.E
@Jadyra_K.E 11 ай бұрын
Қазақ тіліне қатысты пікірлері өте орынды жарайсыздар астарлап жеткіздіңіздер 👍 Өз тілімізді өзімізден бастап құрметтейк
@nurgisakurbankhozhayev1416
@nurgisakurbankhozhayev1416 11 ай бұрын
Музарттың қандай абыройы бар екені соншалықты, тіптен Марат пен Кешаның өздері басыңқы болып, серьезный болып отыр, Музартта Қызықтаймста 2де қазақ өнерінде ойып алатын орны бар 🔥🔥🔥
@АйгеримИскабулова
@АйгеримИскабулова 11 ай бұрын
МузАрт- легенда!!!!!❤ Благодарю kyzyk times, что пригласили МузАрт! А то всегда молодежь😅 Жастардың ерсі аталған өлендеріне айтқан орынды сыны қатты ұнады👍 2012 жылы мектеп бітіру кешінде единогласно Музарттың “келеді кездескім” әнін таңдап, вальс билеген болатынбыз😊😊
@ДильнурДжаббарбергенова-й2г
@ДильнурДжаббарбергенова-й2г 11 ай бұрын
2001-де 14 жаста едім 😁 емханада емделіп жатқанда көп тыңдағанмын❤ әндері өте әдемі, құлаққа жағымды, ешқашан ұмытылмайтын және жаттауға оңай, мағыналары өте терең, тамаша👍👍 ғұмыры ұзақ болсын МУЗАРТ-тың 🤲 Қызық times бағдарламасы қатты ұнайды. Заман тобы өз атына ерекше 👍👍 өнерлі ағаларымыз, бауырларымыз жасай берсін.
@KairatDosybaef-uh5dj
@KairatDosybaef-uh5dj 11 ай бұрын
МузАрт Казак тіліне коскан үлесі зор гой сонау 2001 де орысшаланып жургенде баріне казакша олен айткызган осы музарт сенің көзің сагындым алматымды т.б
@credemas1742
@credemas1742 11 ай бұрын
Керемет болды Марат Еркебулан кызык timesты жын жыбырдан бир аластап алдындар ау таза табиги андер мен демалып калдым оз басым рахмет
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Бары сол ғой енді, достым. Талғам әртүрлі
@БатырханАбдикарим-п8е
@БатырханАбдикарим-п8е 11 ай бұрын
Мықты азаматтар! Бойларынан өнері де, қазаққа деген жанашырлығы да, іні-қарындастарға деген ізеттілігі көрініп тұр! Салиқалықтары өте жоғары! Аңыз адамдар
@avrorahart4098
@avrorahart4098 11 ай бұрын
Сәкен ағамыздың сөздері жүрекке жетті! Осындай дұрыс, орынды ақыл айта білетін ағаларымыз барда, еліміз гүлдене береді! Ал оны қазақ жастары тыңдай алып, жүзеге асырса, бізден артық ел таппас едік🥹 Ағаларымыз аман болыңыздар! Сіздер барда біз алға, биікке көтеріле береміз❤!
@ГулданаНуракова-и2э
@ГулданаНуракова-и2э 11 ай бұрын
Қазақ тілі жөнінде ағалар жақсы айтты. Мен Өзбекстаннан көшіп келгемін. Сондағы мақсатымыз өз тілімізде еркін сөйлеу болған. Бірақ Қазақстанға келгенде бәрі орысша сөйлеп жүретін. Қатты ренжігеміз. Қазақ тілінде қай жерде сөйлесеміз сонда деп 😢
@ОмароваПеризат
@ОмароваПеризат 11 ай бұрын
Ән айтқанда дауыстары керемет!Нағыз шебер әншілер!Керемет !
@СабинаКорпетанова
@СабинаКорпетанова 11 ай бұрын
Заман тобы да келгеніне қуаныштымын🤗
@shynarisataeva8591
@shynarisataeva8591 11 ай бұрын
қандай керемет 🔥 Музартты шақырғандарыңызға рақмет өте мағыналы шығарылым болды 👏. Қаптаған мәнсіз есер әндерге айтылған есті сын болды. Қазақ өнерінің, ұлтының, тілінің жанашырлары ❤❤❤❤❤ Сәкеннің сөз саптауы керемет-ай 👏 Нағыз қазақ, мәдени-әдеби сөздермен ойын тамаша жеткізеді екен 👏 Даусы сірә бөлек 🔥🔥🔥 Аман болсын Легендалар, вы просто 💣💣💣
@АскатЖаксылык-ц2р
@АскатЖаксылык-ц2р 11 ай бұрын
көп рахмет Мәке Ереке сіздерді де 50 жастарыңызда дәл осы қалыптарыңызбен көргім келеді✊🏻✊🏻✊🏻
@zulfiyatarazbai
@zulfiyatarazbai 11 ай бұрын
Музарттың орны бұрыннан бөлек. Заман тобы шыныменен нағыз талант иелері. Әсіресе Ергеннің даусына басым кетеді. Қанаттарыңыз талмасын. Өнерлеріңіз өрге жүзіп әрқашан биік шыңдардан көріне беріңіздер.
@ТурарОмарова-т3р
@ТурарОмарова-т3р 11 ай бұрын
МузАрт, Орда топтарын сүйіп тыңдаймын.❤Жолдасымның сыныптасының тойында қызымның ауызына түкірткен едім Сәкен аға мен Мейрамбек ағаға. Енді арманым ұлымның сүндет тойына келешекте осы ағаларымызды тойға шақыртып,ұлымның ауызына түкіртсем деген үлкен арманым бар. ❤Аллам сол күнді нәсіп етсін.МузАрттың тойға шығуы қымбат деп естіп жатырмын.Сәкен ағаның жігіттік мәдениетіне,сөз саптауына қызығамын қатты.Ұлымның осы ағалар секілді ел азаматы болып өскенін армандаймын.🤲Қасықтап жинасам да,тамақ ішпей жинасам да, осы кісілерді Алла қаласа ұлымның сүндет тойына қайтсем де шақырамын деп миыма сигнал беріп қойғаным қай заман.Аллам сол күнді нәсіп етсін🤲Сол күнге жеткізсін🤲
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Аумин
@ГулсинГулсин-л3у
@ГулсинГулсин-л3у 8 ай бұрын
Ниетіңізге жетіңіз
@OGE_151
@OGE_151 11 ай бұрын
Негзі әндердің атауын жасыра отырып, енді шығып жатқан әнші жастарға үлкен сын екенін астарлы түрде көрсетіп жатқандарыңыз өте керемет, осындай айдарға іліккен ақын мен әншілер ойланар деген үміттеміз!!! 😊
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Соның астарын түсіне білген сізге көп рахмет, Ерғалиқызы😍
@mentaikartbai
@mentaikartbai 11 ай бұрын
Еркебұлан, Марат, жарайсыңдар!👍🏻👍🏻👍🏻!!! “МузАРТты” көріп көңіліміз шалқып, марқайып қалдық! Еңбектеріңе жеміс тілеймін!
@Ayzatbaryskhan
@Ayzatbaryskhan 11 ай бұрын
Балалық шағымның аспаны.Мейрамбек ағаның даусы бала кезімді еске салады.Жылағым келіп кетеді тыңдаған сайын. Аман болыңыздар🙌🏻
@КанатКкк-п4б
@КанатКкк-п4б 11 ай бұрын
Осы комментті іздедім🫶 жүрегім дүрс етті ғой даусынан
@ЖаннатМамбетказиева
@ЖаннатМамбетказиева 11 ай бұрын
Қазіргі жастарға жүрегі жылап, қынжыла отырып, күліпте дұрыс жол сілтеген Мұзарттағы ағаларым Жасасын❤❤❤❤❤🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
@maliknazar8461
@maliknazar8461 11 ай бұрын
Xabar арнасы сіздерге рахмет,Музарт тобын қонаққа шақырған жарыңызға, қазақ өнері дами берсін
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Заман тобының жаңа әніне ғашық боп қалғандар бар ма?🥹🔥❤️ 47:00 осы минутта
@nurzhamaloshanova
@nurzhamaloshanova 11 ай бұрын
Керемет!🥰
@aseke6786
@aseke6786 11 ай бұрын
Бар әрине, күтеміз енді сол әндердің жарыққа шығуын
@noorspro
@noorspro 11 ай бұрын
Қандай ән шығарса да лайк қой тыңдамай жатып😊
@nurdahappy
@nurdahappy 11 ай бұрын
Бөлек бөлекк😮
@ДильнурДжаббарбергенова-й2г
@ДильнурДжаббарбергенова-й2г 11 ай бұрын
Барлық өлеңдері ұнайды, Қазақ тіліміз тамаша ғой 👍😇💯💯💯
@Dinyele
@Dinyele 11 ай бұрын
Бұл шығарылым топ болды енді ❤ Ерекше Музарт та Заман да қазақтың мақтануға тұрарлық әншілері ❤😊 жақсы көреміз екеуін де. Бір деммен көрдім өзім.
@ЖаннэтаТасмурзаева
@ЖаннэтаТасмурзаева 11 ай бұрын
Заман тобы базар жоқ👍👍👍 Ерген нағыз талант😍🤩
@greenvillage209
@greenvillage209 11 ай бұрын
Керемет👍 Бәрі ұнады. Әсіресе халықпен дуэт жүрегіміздегі сезімді тербеп жіберді. Және Қазақ тілі, ана тіліміз тақырыбы мені қатты ойландырады Қазақ қызы ретінде. Тілің өшше сенде бірге өшесің демекші, тілсіз ұлт ретінде де өшеді. Осыны балаларға қатты, жіктеп, бүйрық ретінде болса да жеткізсек 🇰🇿💪❤❤!!!
@makiaxan6585
@makiaxan6585 11 ай бұрын
Қашан МузАрт келеді деп күтіп жүргенде, мінекейіңіз дедіңіздер, зор алғыс!❤Орыстың Руки вверх,Hi-Fi,Вирус, Демо деген сияқтыларын тыңдап жүргенде жарқ етіп Музарт шыққанда "тазалағандай" болды, МузАрт ❤❤❤❤ Қызық Таймс алға🎉🎉🎉
@nazgulnauryzova1795
@nazgulnauryzova1795 11 ай бұрын
Көптен күкен қонақтар еді. Марат, Еркебұлан мықты бағдарлама болды👍👍👍 тамаша дайындалған екенсіздер 👏👏👏 аға буынды жастармен байланыстырдыңыздар❤❤❤
@АкботаАлтынбекова-я5г
@АкботаАлтынбекова-я5г 11 ай бұрын
Ми демалатын шыгарылым болды бугин рахмет улкен, Заман тобы таланткой
@ТлеповаДинара
@ТлеповаДинара 11 ай бұрын
Заман тобы керемет! Браво! Бөлек шақыру керек жасыл диванға!❤
@Antigeroi_01
@Antigeroi_01 11 ай бұрын
Музарт тобы ағаларымыз аманболсын😍 Жасай беріңіздер сіздерден сын естудің өздері бізге бақыт деп жатыр сынаған әншілеріңіз 👏🔥 Заман тобы 🔥🔥 Әндердің оригиналын ұмытып калдық 😂 өте керемет 👏👏
@guleke0212
@guleke0212 11 ай бұрын
Сәкен! Мейрамбек! Кенжебек!Аңыз жігіттер!❤❤❤ Қазағымның үш арысын шақырғандарың үшін Марат пен Еркебұланға ерекше алғыс!
@MadinaAitzhanova-ww1nf
@MadinaAitzhanova-ww1nf 6 ай бұрын
Гүлеке 0212 Күлкімді келтіріңіз 😅😅😅 Қайдағы,, Аңыз" Қайдағы қаңғып жүрген Қазақтың : Арыстары 😅😅 Өз қара бастарын асырағанды біледі , басқаны білмейді 👈 Қазақты тонағанды біледі , тойға барғандары үшін 10 миллион сұрайтын Аңыз әншілер - өз ұлтын тонайтын Арыстар деген - дұрыс болатын сияқты ғой 😅 Қазақтың басына күн туса , біреусін таппайсың 😅 Қазаққа көңіл айтуға жарамайтын Аңыз әншілер , Турцияға қашып кететін ... Қазақтың жерін су басып қалсада , қараспайтын әншілер Қаңтарда 2022ж қансыраған Қазаққа демеу болмаған әншілер деген дұрыс болар.
@МеруА-ж3у
@МеруА-ж3у 11 ай бұрын
Халықпен дует өте әсерлі, көзге жас келді. Күшті. Әндердің атауы шынымен 😢 келеді. Тойға шығамыз деп, шектен шықпау керек ау. Ағаларымыз аман болыңыздар!
@aaakk7666
@aaakk7666 7 ай бұрын
Тілдің мәселесін орынды, түсінікті көтерді ⚡️⚡️⚡️
@sandugashospanova1776
@sandugashospanova1776 11 ай бұрын
Заман тобының жаңа әні керемет екен…👏👏 өте қатты ұнады. Әдеттегідей тамаша шығарылым, еңбектеріңіз жана берсін, Марат, Еркебұлан!👏👏👏
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Заман тобы нағыз әнші ғой
@Bazarbaevna-j2h
@Bazarbaevna-j2h 11 ай бұрын
Өте әсерлі шығарлым болды👍 Музарт және Заман тобына , әрқашанда өнердің ақ туын берік ұстап, туған еліміздің мәдениеті мен өнерін дәріптеп, даңқын асқақтата берулеріңізге тілектеспін.
@makpalkulekeeva3032
@makpalkulekeeva3032 11 ай бұрын
Нағыз қазақтың мақтаныштары ғой ағаларымыз. Өте орынды әңгімелер айтылды. Осы айтылған әңгіме керек адамдарға жетсін деп үміттенейік. Алла разы болсын ❤
@AluaMamyr
@AluaMamyr 10 ай бұрын
Заман тобына уакыт аз болды, тагы да болганда кушти болар еди 🎉🎉🎉
@_araaikaaaa
@_araaikaaaa 11 ай бұрын
Жасым 19 ға келіп МұзАртты қатты, беріліп тыңдайтын болыппын. Қарап тұрсақ әрбір сөздерінде насихат бар. Қазақ елінің, тілінің дамуына бірден бір үлестерін қосқан “Аңыз” топ қой. P.s. (Мейрамбек ағай сүйкімді отыр ғой🥹)
@БотагузКанжанова-у5у
@БотагузКанжанова-у5у 4 ай бұрын
Керемет! Қызық таймның ең ұтымды, ең мәнді шыққан бағдарламасы екен .
@Maralkin
@Maralkin 11 ай бұрын
Керемет шығарылым. Марат, Еркебұлан, сіздерге жәй ғана әңгімелесуге шақырып қоймай, үлкен дайындықпен, ағалардың айтары бар екенін пайдалану мақсатында ойвндар ұйымдастырып шақырғандарыңыз үшін респект! Әнші деп жүрген жігіттердің ән тақырыптарын естіп жағамды ұстадым. Тыңдар құлақ табылар деп үміттенемін. Музартқа, да, сіздерге де үлкен рахмет! 👏
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Соны байқаған сізге рахмет, Марал👏👏
@Zhandro98
@Zhandro98 11 ай бұрын
Бүгін керемет шығарылым болды😍 Көптен бері тек кино индустрия бағытындағы шығарылымдар еді, Музарт тобын көріп көз қуанып, жүрек толқыды… айтқан әрбір салмақты әңгімелері, жеткізер ойлары көп болды. Мен кеттім ағалардың әндерін бір тыңдап шығамын🫂
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Рахмет! ❤❤❤
@АйкенжеБалабайқызы
@АйкенжеБалабайқызы 11 ай бұрын
Заман тобы келген жерін қайталап көре бердіім😍
@СаяхатАбдрасилов
@СаяхатАбдрасилов 6 ай бұрын
Жастарға азық болатын дүние екен Еркебулан Марат рахмет, МузАртка келетин болсак өте байсалдылық көркемділік оратор әсіресе Сәкен ағамыз ойлау деңгейлері жоғары. Мақтанам қуанам үлгі алатын дуние көп
@baurbaur7264
@baurbaur7264 11 ай бұрын
Легендаларғо бұл топ !!! Ешкім хеит айта алмайды бұларға. Тек қана уважение!!!
@Jeny260
@Jeny260 11 ай бұрын
Керемет Заман тобы талант🥳 бірден әр-түрлі жанрда орындай алып,импровизация жасағанын-ай. Күлкілі болсада талантты жасалған зат өтеді💣 Керемет жандар Заман тобы. Аман болыңыздар ағалар. Таланттарыңызға бас иемін🧿
@sabinajanibekova5815
@sabinajanibekova5815 11 ай бұрын
Заман тобының әні керемеееееет😍😍 Ғашық болдым. Рахмет көп көп❤ Сағынып қалыппын❤
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Мен күні бойы тыңдап жүрмін
@lanabanana9778
@lanabanana9778 11 ай бұрын
@@MaratOralgazin🥺🥺❤️Аға Заман тобын тағы шақырасыздармаа🥺🥺🙏🏻🙏🏻🙏🏻
@Макс-б6ю3и
@Макс-б6ю3и 9 ай бұрын
Қандай салмақты ағалар. Әзілдері, жауаптары бәрі жарасымды
@mereyjarqynbay7047
@mereyjarqynbay7047 11 ай бұрын
Қазақ музыкасын немесе өнерін “Музарт” тобысыз елестету мүмкін емес. Керемет бағдарлама болды!!! Қызық times бағдарламасының өзінідік бір ерекшелігі ол әр толқын мен өзіңдік байланыс орната алады. Бір сөзбен айтқанда керемет,шедевр бағдарлама!!! Қызық times ұжымына және Мырзабек Еркебұлан және Марат Оралғазин ағаларымның әр жұмыстарына алғысымды білдіремін!!!!!
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Көөөөп рахмет, Мерей🥹😍😍😍
@Jeny260
@Jeny260 11 ай бұрын
Қандай керемет Марат,Еркебулан ағаларымыздың арқасында бір көріп қуанып қалдық. Бала кезімде телевизорда қосылып тұратын үнемі. Содан бері өлең, өнер дегенде МузАрт тобы есіме бірінші келеді. Жалпы ағаларымыз нағыз қазақ азаматтары,мәдениеттің, таза өнердің көрінесі ғой. Өлеңдері қандай жүрекке жылу береді, бірден тыңдағанда әрбір адамға әр-түрлі эмоция сыйлайды. Соңғы шыққан Заман тобы да сүйкімді жандар екен😊
@ГулданаГулдана-к8м
@ГулданаГулдана-к8м 11 ай бұрын
Жаным ❤Мейрамбек баскалардын жаксы андерин аузы ашылып😅,берилип тындайтыны унайды,акконил адал жан екени,коринип тур,бозторгай,жетим бала анин айтып шырылдайтын бала да 50 ге келип калыпты,Сакен толыктырады жаксы создермен❤❤❤❤❤❤100 жазасын ушеуи де❤❤❤❤❤
@OGE_151
@OGE_151 11 ай бұрын
Керемет, жастары 50ге таясада, дауыстары сол қалпында 😍🔥Заман тобы ерекше дауыс иелері😍😍нағыз, шынайы таланттар💐
@zim9531
@zim9531 11 ай бұрын
Кешеден бері күтіп жүрмін. 10 минут бұрын шыққан екен 1 сағат рахат 😍🫶🏻 Ең ең ең ең сүйікті әнші ағаларым♥️
@MaratOralgazin
@MaratOralgazin 11 ай бұрын
Оо! Рахмееет! Бөлісіп таратып қоярсыз
@NKJ-sw4zp
@NKJ-sw4zp 11 ай бұрын
Ассалаума алеикум ортус командасынын дзюдодан тренер карис Сергеи пак сол кисини жылдык уздик тренер сол кисини бир багаласандар казакка жаны ашып улдарымызды тарбиелеп жатыр
@aigerimkayirova
@aigerimkayirova 11 ай бұрын
Ой бәрекелді 👏👏👏 МузАрт тобы келгеніне қуаныштымын. Сәкен ағамыз айтып отырғандай расында, бұрын әжеміз айтып жүретін өлеңдерін, телевизордан тыңдайтынбыз әндерін ол кезде баламызғой . Қазір жасым 32 де түнде ұйықтарда балаларыма Ағаларымыздың әнін айтып беріп отырып өзімнің бала кездегі тыңдап өскен әндерімғой әлі де сөздерін музыкасын білемін деп таң қаламын. Өйткені құлақта жатталып, жадыда мәңгі сақталып қалды. Керемет жандар, отбасылары аман, дендері сау болсын. Ағаларымыз ұзақ жасасын🤲🤲🤲
@guleke0212
@guleke0212 11 ай бұрын
2003жылы ЖенПиде оқып жүргенімізде Музарттың жігіттерінің календарын,общий дәптерін таласа сатып алушы едік!❤❤❤
@janerke.11
@janerke.11 11 ай бұрын
Қосылам 100 пайыз ұрысып айтсада орынды, бірақ салмақты көркем түрде (ұрысып) жетесіне жеткізіп айтты рахмет осыныдайларды айтатын, тыйып отырптын ел ағалары барын шүкір әйтпесе болашақта таза қазақша әндерді таппай қалармыз❤
@kalzhanalima
@kalzhanalima 11 ай бұрын
Заман тобы 😍😍 Мәссаған өнерлі талантты екен ғо 💯👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
@Дауренбек-и8е
@Дауренбек-и8е 4 ай бұрын
Кызык таймс ең үздік шығарылымдарының бірі және бірегейі Музарт легенда дауыстары қандай керемет
@ЖадыраМамырова
@ЖадыраМамырова 11 ай бұрын
Заман тобы ❤❤️‍🔥😍🥰👍керемет ! Не деген талант не деген дауыс ❤❤❤ жаңа ән енді сөз жоқ ❤️‍🔥 рақмет !
@МеруертТасжанова-щ8н
@МеруертТасжанова-щ8н 11 ай бұрын
Керемет шығарылым болған екен🎉🎉🎉🎉 Мәдениетті адамдармен сауатты сұқбат🫶Бір деммен қарап шықтым. Бала кезімізден тыңдап, көріп өскен МузАрт сол қалпында. Бұл кісілер нағыз аңыз адамдар. Өнердің шыңында өнерге адал қызмет етіп жүрген әншілер😍
@РозалияНебо
@РозалияНебо 9 ай бұрын
Марат,Еркебұлан, жастарды әзілмен тәрбиелеп,шыңдап жүрген жандар ғой. Еліміздің Мәңгілік махаббаты-Музарт тобы,бар болыңыздар-Алғашқы махаббат та,Бала ғашық та,Жүрегіміздің ішіндегі жүрегіміз де -Музарт тобы. Біз сіздерді жақсы көреміз. Марат,Еркебұлан сіздерге рахмет,керемет бағдарлама,ізденіс бар әрқашан,қанша жыл бойы жалықтырмайтын "Қызық таймс" жүз жаса.
@INN-KANAL
@INN-KANAL 11 ай бұрын
Кыргызстандан чооң салам бир туугандарыма.Мейрамбек Бесбаев агабыздын ырларын угуп чоңойдук.
@РаушанРаймбердина
@РаушанРаймбердина 11 ай бұрын
Жарайсыңдар жігіттер! Қазақ тілінің жанашырлары ! Әндері де керемет қой,шіркін. Орынды сын.
@ФаризаТолеген-ц5з
@ФаризаТолеген-ц5з 11 ай бұрын
Керемет😍 Музарт тобы легенда, өлеңдері өшпейді☺️ Заман тобы өте керемет орындап шықты, келесіде бұл кісілерді де шақырсаңыздар күшті болар еді👍🏻👍🏻👍🏻
@Бейбитжан-н4п
@Бейбитжан-н4п 3 ай бұрын
👏🏼👏🏼👏🏼тіл мәселесі жақсы қозғалды ағаларыма рақмет
@saltanatssss
@saltanatssss 11 ай бұрын
Сакен ағаны тәкәппар деп ұнамаитын еді. Қандай керемет кісі 👍🏻 Сосын бағдарламаға шақырғасын Сакен аға сиякты классика киіп мәдениеттілікпен келсе. Ана екеуі көшеден кіріп кете салган сиакты
@АлматСерікбаев-л9я
@АлматСерікбаев-л9я 11 ай бұрын
Киімде тұрған ештеңе жоқ, сол киімнің ішіндегі адамдарында гәптің бәрі😂иә керемет кеш болды Музарттың әндерін тыңдаудан еш жалықпаймын. Халыққа осындай әдемі кеш сыйлап жатқандарыңа Мәке Кеша сендерге алғысым шексіз❤❤❤❤💐💐💐🥀🥀😘😘 сендер халықтың игілігіне, мүддесіне жұмыс жасайтын білікті, білімді жастарсыңдар кейінгі жастар сендерден үлгі алса екен деймін сендердің бағдармаларың жан-жақты барлық саланы қамтитын бағдарлама. Сол үшінде ел жалықпайды деп ойлаймын өз басым көруге асығамын Мәке Кеша бұданда қарқынды дами беріңдер, өсіңдер, өніңдер бастарың аман, бауырларың бүтін болсын🤲 отбасыларың аман болсын🤲қой үстінде боз торғай жұмыртқалайтын заман болсын🤲 ҚЫЗЫҚ TlMES жасасын! Ғұмыры ұзақ болсын!👍👍👍👍❤❤❤❤😘😘😘😘🤗🤗🤗🤗🙆‍♀️🙆‍♀️🙆‍♀️🙆‍♀️
@aaakk7666
@aaakk7666 7 ай бұрын
Залда отқандар бақыттысыздар осындай атмосферада😍😍😍🙏🙏🙏
@aigerimkayirova
@aigerimkayirova 11 ай бұрын
Керемет. Заман тобын да бала кезімізден тыңдап өстіп. Таланттар👏👏👏
@Otec_666
@Otec_666 11 ай бұрын
Мейрамбек ага ЛЕГЕНДА гой!!! Кайрат, Торегали баскада анау-мынау ойнамайды гой.
Aspan FM концерті
1:51:46
KhabarTV_MUSIC
Рет қаралды 140 М.
Риви пересмотрела ВСЕ ИТАЛЬЯНСКИЕ МЕМЫ
00:21
ЛогикЛаб
Рет қаралды 3,6 МЛН
Простите, если вы сейчас едите
00:33
История одного вокалиста
Рет қаралды 6 МЛН
WHO DOES SHE NEED SWEETS FOR?
00:28
JULI_PROETO
Рет қаралды 32 МЛН
WHO CAN HOLD IT? #shorts
00:10
The Noob Family
Рет қаралды 28 МЛН
Жайдарман. Қазақша КВН 25 жыл
2:09:33
Jaidarman OFFICIAL / JCI
Рет қаралды 1,3 МЛН
Риви пересмотрела ВСЕ ИТАЛЬЯНСКИЕ МЕМЫ
00:21
ЛогикЛаб
Рет қаралды 3,6 МЛН